"Заң мен Тәртіп" идеологиясын ілгерілету жоспарына сәйкес Ата-аналармен және балалармен цифрлық ортадағы мінез-құлық ережелері (қазіргі заманғы қауіп-қатерлер шеңберінде) "Гаджеттер мен балалар" атты тақырыпта кеңес берілді.
"Алақай,жайдарлы жаз келді!" мектеп жасына дейінгі жастағы балаларға арналған жазғы сауықтыру кезеңінің перспективалық жоспарына сәйкес, "Біздің өлкенің ағаштары" тақырыбында балалармен әңгімелесу жүргізілді.
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай балабақша тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындады және "Ту, Елтаңба, Гимн - ел бірлігінің белгісі" сурет байқауы, "Елімнің рәміздері - елдігімнің айнасы" атты тақырыпта спорттық жарыстар ұйымдастырылды.